Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Сырдарияда коронавирус инфекциясының 1 жағдайы тіркелді

Сырдарияда коронавирус инфекциясының 1 жағдайы тіркелді

Сырдария ауданында бүгін коронавирус инфекциясының 1 жағдайы тіркелді. Бұл туралы фейсбук әлеуметтік желісіндегі Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ресми жарияланды.


– Сырдария ауданы бойынша бүгін, яғни 08.01.2021 жылы коронавирус инфекциясының ауру белгілері жоқ (симптомсыз) түрінмен нақтыланған 1 жағдай тіркелді. Вирусты жұқтырған науқас Тереңөзек кентінің тұрғыны. Қазіргі таңда науқас ошағында тиісті эпидемиологиялық шаралар атқарылып, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар саны нақтылануда. Науқас тұрғылықты мекен жайы бойынша үй карантиніне оқшауланып, медициналық бақылауға алынды.

Аудан тұрғындары назарына!
Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында жеке бас гигиенасын қатаң сақтап, көпшілік жиналатын орындарда ара қашықтықты сақтауға және бетперде киюге, қолды үнемі антисептикалық құралдармен өңдеп, карантиндік режим талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз, – делінген жазбада.


Фото: Ашық дереккөзден

08 қаңтар 2021 ж. 527 0