Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Ғалымдар коронавируспен күрестің жаңа түрін ойлап тапты

Ғалымдар коронавируспен күрестің жаңа түрін ойлап тапты

Канзас штаты университетінің вирусологтары коронавируспен күрестің жаңа түрін жария етті. Вирустық дейтерленген ингибиторымен жасалатын терапия вирустық жүктемені айтарлықтай төмендетіп, инфекция кезіндегі өміршеңдікті ұлғайтатындығын анықтаған. Бұл туралы Proceedings of the National Academy of Sciences журналына сілтеме жасай отырып, Lenta.ru хабарлады.


Дейтерленген дәрілер деп оттегінің бір немесе бірнеше атомы барынша ауыр изотоп – дейтериймен алмастырылған кішірігім молекула түріндегі дәрілік заттарды айтады.

Зерттеу жүргізушілер бастапқыда мысықтардағы коронавирус инфекциясын емдеу үшін GC376 протеазасының ингибиторын әзірлеген, ол тиімді әрі SARS-CoV-2 қарсы екендігі анықталды. Ғалымдар кейінірек оттегін дейтерийге алмастырып, GC376 түрлендірген және оның SARS-CoV-2 қарсы ықпалын тексереді.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тышқандарды емдеуде оң нәтиже байқалып, вирустың өкпеге таралуы мен салмақ жоғалту азаяды. Нәтиже көрсеткендей, ғалымдар дейтерлеу әдісі COVID-19 емдеу үшін вирусқа қарсы өзге де тәсілдермен қатар қолдануға жарамды деп отыр.


07 шілде 2021 ж. 284 0