Елімізде індетке шалдыққандар саны артты
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 1 757 адам анықталды. Оның ішінде 413 азамат дертінен сауығып шыққан
Сағат 12:30-дағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 22 адамға көбейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 22 адам тіркелді. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 2, Алматы қаласында – 10, Шымкент қаласында – 9, Қостанай облысында – 1.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 1757 адам анықталды.
Олардың ішінде:
Алматы қ. – 535;
Нұр-Сұлтан қ. – 383;
Қызылорда облысы – 149;
Қарағанды облысы – 93;
Ақмола облысы – 82;
Атырау облысы – 80;
Шымкент қ. – 80;
БҚО – 63;
Жамбыл облысы – 61;
Түркістан облысы – 60;
Алматы облысы – 44;
СҚО – 30;
Павлодар облысы – 30;
Ақтөбе облысы – 27;
Қостанай облысы – 20;
Маңғыстау облысы – 12;
ШҚО – 8.