Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Вакцинациялау туралы электронды паспортқа QR-код енгізіледі

Вакцинациялау туралы электронды паспортқа QR-код енгізіледі

Қазақстандағы вакциналау туралы электронды паспортқа QR-код енгізіледі. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шекарадан өтерде, мысалы Қырғызстанмен шекарада көптеген адамдар вакциналау паспортын көрсетеді және олардан QR-код талап етіледі. Сол арқылы адамның вакцина алған-алмағанын тексеруге болады. Қазақстанның вакциналау паспортында мұндай код жоқ. Оны енгізу жоспарда бар ма?», – деп сұрақ қойды журналист Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Вице-министр Әсет Тұрысов eGov mobile-да QR-код әзірленіп жатқанын және вакциналау паспортына енгізілетінін айтты.

«Сонымен қатар, вакциналау паспорттарының қағаз нұсқаларында QR-код бар.

Сондықтан, шетелге шығарда шекарада қиындықтарға тап болмау үшін қағаз нұсқасын алуға болады. EGov mobile-ға келсек, енгізу жұмыстары жүріп жатыр», – деп атап өтті Әсет Тұрысов.
02 шілде 2021 ж. 1 257 0