Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Алдағы үш күнде ауа-райы суытады

Алдағы үш күнде ауа-райы суытады

«Қазгидромет» РМК алдағы үш тәуліктегі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі фронталды бөліктердің ықпалында болып, жаңбыр жауады.

10 маусымда Қазақстанның орталығында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, қатты жел соғады, нөсер жаңбыр мен бұршақ күтіледі.

Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл сақталады. Солтүстік-батыстан ығысатын кезекті суық антициклон еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасының төмендеуіне алып келеді: түнде 3-8, кей жерлерде 12 градусқа дейін. Күндіз 17-22, кей жерлерде 25 градус жылы болады. Елдің қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.
07 маусым 2021 ж. 521 0