Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Шет елдегі теологиялық білімнің қауіптілігі

Шет елдегі теологиялық білімнің қауіптілігі

Жақында №210 О.Әбілпаттаев атындағы мектепте бітіруші 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.

Қазіргі таңда жүйесіз діни оқуды шетелдерде алу керек деген қажеттілік негізсіз. Себебі, елімізде медресе-колледждер, университеттер ашылып, осы бағытта білім беріп жатыр.

Айталық, «дінтану», «теология», «исламтану» мамандықтары бойынша Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында жоғарғы оқу орындарында білім берілуде. Оқытушы-профессор құрамы да жеткілікті, біліктілігі де жоғары. Сондықтан еліміздегі діни оқу орындар шетелдегі діни оқу орындарынан кем емес деп айта аламыз.

Биылғы жылы теологиялық оқуға қызығушы 11 сынып оқушыларына «Нұр-Мүбәрәк» университетіне облыс әкімінің гранты бөлінгені жөнінде жеткізілді.
24 мамыр 2021 ж. 571 0