Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Аудан әкімінің Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті әлеумет!

Қадірлі ағайын!

Сіздерді мұсылмандардың қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан – береке мен бірлік, кешірім мен мейірім және қайырымдылықтың айы. Осынау қасиетті айдың аяқталуына орай аталып өтілетін айт мерекесі халқымыз үшін діни ғұрып ғана емес, ұлттық дәстүрімізбен біте қайнасып кеткен ұлық мейрам.

Ораза айт мерекесі ұлттар мен ұлыстарды ынтымаққа ұйыстырады. Иманды күшейтіп, азаматтарымызды қайырымды іс жасауға, жақынына көмектесіп, мұқтаждарға қол ұшын беруге жігерлендіреді.

Дана халқымыздың «Бірлік болмай, тірлік болмайды» деген сөзінен де татулық, ынтымақ ұғымдарын құрметтеудің үлгісін көреміз. Қазіргі уақытта біздің басты мақсатымыз – бүкіл әлем халқын алаңдатқан қауіпті індетті жеңу болса, сындарлы кезеңде сабыр сақтап, тиісті барлық шектеу шараларын толық орындауымызды, тәртіпке бағынуымызды талап етеді. Қасиетті айда барша қауым осы індеттен құтылуды тілегені анық. Соған орай игі амалдар жасадыңыздар. Барлығы қабыл болсын, тілеген тілектеріңіз орындалсын.

Қымбатты жерлестер!

Сіздерді Ораза айт мейрамымен құттықтай отырып, баршаңызға дүниедегі барлық ізгі жақсылықтар мен игі қуаныштарды тілеймін. Алла Тағала барлықтарыңыздың амалдарыңызды қабыл етсін.

Ораза айт құтты болсын!

Құрметпен,
Талғат Дүйсебаев,
Сырдария ауданының әкімі
13 мамыр 2021 ж. 760 0