Айбынды әскер – ел қорғаны
Осыдан тура 30 жыл бұрын Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен елімізде мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейін комитет Қазақстан Республикасының Қорғаныс минситрлігі болып қайта құрылымдалды. 1992 жылы 7 мамырда Елбасы ҚР Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлық негізінде ел аумағында орналасқан Қарулы Күштер толыққанды мемлекет қарамағына өтті. Міне, сол күннен бастап «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» ретінде аталып келеді.
Отанды қорғау – әрбір саналы адамның абыройлы борышы. Бүгінде ер-азаматтар ержүректілік, қайсарлық, төзімділік иесі атанып, мемлекетіміздің берік қорғанысын қамтамасыз етуде.
Отанды қорғау – әрбір саналы адамның абыройлы борышы. Бүгінде ер-азаматтар ержүректілік, қайсарлық, төзімділік иесі атанып, мемлекетіміздің берік қорғанысын қамтамасыз етуде.
Ер-азаматтардың құрметіне белгіленген атаулы күн айбынды әскеріміздің мәртебесін арттырып, тыныштық күзетіндегі сарбаздардың мерейін асырды.
Тәуелсіз ел тарихында еліміздің әскері жаңарып, техникалық мүмкіндігі артып, күш-қуаты да жыл өткен сайын нығаюда. Ел тыныштығының сақшылары әрдайым өзін мемлекет қорғаны әрі бейбіт өмірдің тірегі ретінде дәлелдеп келеді. Сондықтан халқымыз айбынды әскеріне сенім артып, оны мақтан етеді. Бастысы, біздің әскер деген атқа лайық екенін көрсетіп, Отанға, ел Президентіне, барша Қазақстан халқына адалдығын дәлелдеді.
«Ер – елінің қорғаны» дегендей, ата-бабамыз салған сара жолмен қасиетті борышын өтеп жүрген ер азаматтардың ерлігі айбынды әскердің абыройы. Осынау мәртебелі де, жауапты қызметке ие болған Отан қорғаушылар өз антына адалдығын танытуда.
– Ата Заңымыз ел Конституциясында «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті борышы және міндеті» делінген. Заңда айтылғандай, Қазақстанның әрбір азаматы ұлтына, нәсіліне, дініне қарамастан Отан алдындағы борышын абыроймен атқаруға міндетті. Өз елін қорғауға рухы мықты, қайсар мінезді азаматтар ғана лайық. Сондықтан ер азаматтарымыз осындай адами қасиетке ие болып, ел күзетінде қырағылықты бәрінен де биік қояды. Қазіргі таңда ел аумағында әскерге көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жүруде. Ауданнан Отан алдындағы борышын өтеуге аттанатын жастар зерделеуден өтуде. Ер азаматтардың отбасы құрамы, сырқаттығы, білімі мен мамандығының бар болуы нақтылануда. Қуанарлығы – сырдариялық жастардың арасында жүрегі Отаным деп соғатын, патриот, рухы мықты, жігерлі азаматтардың көптеп болуы, – дейді ауданның қорғаныс бөлімінің бастығы Ермек Досмұхамедов.
Ар-намысын бәрінен биік қойып, Отан алдындағы борышын өтеуге асығатындар шын мәнінде ел қорғаны болуға лайық.
Бибісара ЖАНӘЛІ