Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Елімізде жұма намазына рұқсат берілді

Елімізде жұма намазына рұқсат берілді

Елімізде діни нысандардың ашық ауада қызмет көрсетуіне рұқсат берілді. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызыл» және «сары» аймақтардағы діни нысандардың қызметіне жабық үй-жайда ұжымдық іс-шаралар өткізбей, ашық ауада қызмет көрсетуіне рұқсат етілді», - деді министр Үкімет отырысында.

Айта кетейік, кеше еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы күшіне енді. Аталған құжатта мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни нысандар аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу маска режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде жүзеге асырылатындығы жазылған.
04 мамыр 2021 ж. 410 0