Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты жарияланған облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 20 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов мәлімдеді.

-Құжатты қабылдау бар да орындау бар. Әрбір саналы азамат осы қаулы талабын орындауды, өзінің борышы деп қабылдауы тиіс. Бұл отанның бастауы болып табылатын отбасыңды қорғау болып саналады,-деді Наурызбай Сейтқалиұлы.

-Бүгін Қаулыға қол қойылып, сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. Яғни, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен жұмыс істейтін бірқатар нысандарға рұқсат етілді.
Атап айтқанда:

-Азық-түлік гипермаркеттері, оптомаркеттер, супермаркеттер, минимаркеттер, дүкендер, бірінші кезекте қажетті тауарлар саудасының жұмысы сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін ұзартылды;

-Ұжымдық іс-шараларды өткізбей діни объектілердің қызметіне;

-Бір адамға су бетінің 5 ш.м. есебінен жеке форматта, алдын ала жазылу бойынша бассейндердің қызметіне рұқсат берілді;

-Таза ауада 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтарға серуендеуге болады;

-Мәдениет объектілерінің, кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне (30 адамнан аспайтын жеке, топтық репетициялар);

-Контингенті 5-тен 180 адамға дейінгі, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі мектептердің, мектепалды, 1-4 сыныптардың білім алушылары үшін ата-аналарының өтініші бойынша сыныптардың жиынтығы 15 баладан аспаған жағдайда білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне;

-5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығуларға арналған спорт кешендерінің қызметіне;

- Жиналыстарды қашықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда көзбе-көз өткізуге рұқсат берілді;

-Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, арнайы мектеп-интернаттардың, жалпы типтегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне рұқсат берілді,-деді Әлия Мүтәліпқызы.

31 тамыз 2020 ж. 376 0