Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Мектеп жаңалығы

Мектеп жаңалығы

Жылдар бойы қаңырап бос тұрған мектеп жертөлесі жаттығу залына айналды. Бұл ауыл мектебі үшін де, оқушылар үшін де қуанышты жаңалық болды. Ғимараттың төменгі қабатына «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мердігер «Қымбат және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, спорт алаңын салып берген. Залдағы арнайы бөлмелер қажетті құралдармен жабдықталған. Баланың алаңсыз үйренуіне жағдай жасалған, тіпті душ кабинкасы да бар.

Оқушылар үстел теннисі, тоғызқұмалақ, қазақша күрес және футбол үйірмелеріне қатысып, спорттың аталған төрт түрі бойынша жаттыға алады. Әлемге әйгілі, нағыз чемпиондардың көбі ауылдан шыққанын есепке алсақ, шағын ғана ауылдың «жертөле-спорт залынан» егемен еліміздің көк туын көкте желбіретіп, әнұранымызды әлемдік аренада асқақтататын қайсар ұл-қыздардың шығатынына сенім кәміл.

Айта кетейік, бағдарлама аясында жөнделген жаттығу залы алты адамды жұмыс­пен қамтып отыр.

Ауыл мектебінің ауыз толтырып айтарлық тағы бір жаңалығы – жаңадан жабдықталған физика кабинеті. Сыныпқа су жаңа LED экран, техникалық құрылғылар, жаңа үстел мен парталар қойылған.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
06 сәуір 2021 ж. 464 0