Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауапкершілік танытуымыз қажет

Жауапкершілік танытуымыз қажет

Сәуірден бастап оқушылар мектепке келіп білім алуда. Олардың карантин талаптарын сақтауы, яғни бетперде киюі, үзілістерде топ болып араласпауы аса маңызды. Осы міндеттерді орындауға мұғалім мен ата-ана тікелей жауапты.

Білім бөлімінің басшысы мен орта мектеп директоры тарапынан берілген тапсырмаларды орындауға сынып жетекшілері баса назар аударып, тиісті шаралар қабылдауда. Мысалы мен бастауыш сынып мұғалімімін, менің сыныбымда 15 оқушы білім алады. Сәуір айы басталмас бұрын әрбір оқушының ата-анасымен сөйлесіп, жеке жауапкершілік таныту жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргіздім. Сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушыларға қауіпті індеттен сақтану жолдары жөнінде күнделікті ақпарат берілуде. Арнайы бейнероликтер мен суреттер арқылы дертке шалдыққандар туралы көрсетіп, саулық – сақтықта екені насихатталуда.

Ең бастысы әр азамат, ата-ана мен оқушы жауапкершілікті терең сезінуі қажет. Бұл – індетті жеңудің ең төте жолы.

М.САЙЫМОВА,
№131 Т.Қозыбаев атындағы
орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
06 сәуір 2021 ж. 385 0