Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әскердегі көрісу күні

Әскердегі көрісу күні

Қызылорда гарнизоны әскери бөлімінде наурыз мейрамы қарсаңында жеке құрам бір-бірін Көрісу күнімен құттықтады.

Аталған іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жүргізілді. Көрісу күні - көптен күткен Наурыз мейрамын тойлаудың бастамасы. Ежелден бері Қазақстан халқы жаңа жыл 14 наурызда басталады деп есептеген. Таң атысымен әскери бөлімге келген әскери қызметшілер салт бойынша бір-бірімен сәлемдесіп, төс қағысып жылы тілектерін білдірді. Ескі реніштерін ұмытып, татуласуға тырысты. Көрісу күні соңғы жылдары еліміздің барлық аумағында аталып келеді.Бұл күні ашулар кешіріліп, жанжалдар ұмытылады.

Көрісу күнінің ең бастысы және маңыздысы: ата-баба дәстүрі мен әдет-ғұрпын құрметтеу, оларды сақтау және болашақ ұрпаққа жеткізу. Достық пен сүйіспеншілікті бейнелейтін мереке - көктемгі күн мен түннің теңелуін ғана емес, сонымен қатар табиғаттың жаңаруының жарқын бейнесін көрсетеді, - дейді әскери бөлім командиірінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары, подполковник Арслан Әбиев.Қазақ әскерінің әскери қызметшілері - өз жерінің ұландары және барлық азаматтар сияқты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың жанашырлары.

Қызылорда гарнизоны бөлімдерінде Наурыз мейрамы қарсаңындағы салт-дәстүрге сай өтетін мерекелер жыл сайын қарқын алып келеді.
14 наурыз 2021 ж. 606 0