«Тоқта және сөйлес» акциясы қандай нәтиже беруде?
Қызылорда гарнизонындағы әскери бөлімдер мен мекемелердің басшылық құрамымен әскери қызметшілер арасында өткізіліп жатқан«Тоқта және сөйлес» акциясының маңыздылығы талқыланды.
Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесі өкілінің айтуынша,өткізіліп жатқан «Тоқта және сөйлес»акциясыныңәскери қызметшілер арасында әкімшілік және сыбайлас жемқорлық сияқты заңбұзушылықтардың алдын алуға, заңға қарсы әрекетжасаған әскери қызметші мен олардың отбасына түскенжағдайларды шешуде маңызы зор.
Акцияның басты мақсаты – әскери қызметшілердің қылмыстық және әкімшілік заңбұзушылықтарының алдын алу, профилактикалық шараларды өз деңгейінде өткізу жәнеалдағы уақытта әскери қызметшілердің қаржылық қиыншылықтары, отбасы жағдайының бұзылуы сынды жағдайларды болдырмау.
Жиын барысында құқықбұзушылыққа жақын қызметшілерді бақылау барысы, әскери қызметшілердің моральдық жай-күйі мен тәртібін дамыту жолдары қозғалды.
«Осындай профилактикалық шаралар нәтижесінде Қызылорда гарнизоны әскери қызметшілерінің заң аясындағы білімдері артып келеді.Жалғасып жатқан акция кезіндегі түсіндіру жұмыстарының арқасында әскери тәртіп нығайып, құқық бұзушылықтар саны да азаюда», – дедіҚызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің өкілі, әділет лейтенанты Ақерке Жакипова.
Рейдтік іс-шаралар мен өткізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары барысында Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция қызметкерлері аймақтағы әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасыныңәкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылық кодексінің талаптарын түсіндіріп, заң аясында қызмет атқаруға шақыруда.
Мұхит Қонаров,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
сержант