Жол қателікті кешірмейді
Қызылорда гарнизонында әскери бөлімдер мен мекемелердің жеке құрамымен қысқы уақытта автокөлік басқаруда жол апаттарын болдырмау туралы әдістемелік жиын өткізілді.
2020 жылдың 15 қазаны мен 15 қарашасы аралығындағы «Автомобильді қысқы мерзімге дайындау - апатсыз пайдалану кепілі» айлығы өтуде. Жиынның мақсаты – әскери қызметшілергеқыс уақытында жол апаттарын болдырмау үшін автокөліктерді қыс мезгіліне қалай дайындау керектігін түсіндіру мен автокөлік жүргізудегі мәдениеттілікті арттыру болып табылады. Жиын барысында жол жүру ережелеріне енгізілген жаңа заңдылықтарынжәне құқық бұзушылыққа жол берген әскери қызметшілердің қателіктерін қайталамас үшін түсіндіру сабақтары өткізілді.
Кызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен ұйымдастырылған жиынға Қызылорда қаласының полиция департаментінің қызметкерлері де тартылды.
«Жыл сайынғы маусымдық тексеріс жоспарына сай Қызылорда гарнизонында жеке автокөлік иелерімен теориялық, іс-тәжірибелік сабақтары өткізіліп тұрады. Осы жылы да автокөлік жүргізушілері мен автокөліктерінің құжаттары, суық ауа-райына дайындығы мен жабдықталуы тексерілді. Қажет болған жағдайда керекті тапсырмалар да берілді. Аталған жоспарға сай тексеру жұмыстары өз нәтижесін беруде», - дейді Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің аға маманы, ефрейтор Жасулан Искендиров.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатындатоқсан сайын нәтижелі жоспарланған іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады.
Мұхит Қонаров,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы,
сержант