Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№2 Газет

11 қаңтар 2025 ж.

№1 газет

07 қаңтар 2025 ж.

№103 газет

31 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Риясыз алғыс қалықтаған күн

Риясыз алғыс қалықтаған күн

Еліміздің Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен 2016 жылдан бері аталып өтілетін «1 наурыз – Алғыс айту күні» – шын мәнінде сүйіспеншілікке толы күн. Адамның бойына жылылық пен кішіпейілділік, адамгершілік пен риясыз сенім ұялататын атаулы күнді қазақстандықтар ерекше күтеді.

Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерейлі мереке әсіресе, қиын-қыстау заманда тарихи Отанынан бас сауғалап, үдере көшкен түрлі этнос өкілдері үшін айтулы күн. Алғыс айту күні – қазақ халқының кең пейіл, дархан көңіліне ізеттілік пен құрмет көрсетуімен маңызды. Тағдырын қазақ елінің жұртымен байланыстырған миллиондаған этнос өкілдеріне Қазақстан құтты мекеніне айналды. Атаулы күнде түрлі ұлт өкілі ұлы даланың иесі атанған қазақ жұртына шынайы алғысын жеткізуге асығады.

– Ел тағдыры қазақ ұлтына байланысты болған нәубетті жылдардың қасіретін ұмыту мүмкін емес. Бұл жайында біздің ата-бабаларымыз үнемі айтып отыратын. Қызыл вагонға тиеліп, эшелонмен келген көптеген өзге ұлт өкілдеріне басына баспана беріп, бір үзім нанды бөліп жеген қазақ халқына қайран қаласыз. Қазақ жұрты бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлікті үлгі етіп, өздерінің қамкөңіл күй кешкен күніне қарамастан қамқорлық қолын созды. Өзгенің қайғысына ортақтасып, жас пен кәріні аштықтан аман алып қалды. Кең пейіл, жомарт халықтың дастарханынан дәм татып, жан сауғалады. Осындай қайырымдылықтың, мейірімділктің арқасында өмір сүрді. Отбасын асырап, ел қатарына қосылды. Сондықтан біздің ұрпақ еш уақытта мұндай жақсылықты ұмытпақ емес. Қазақ ұлтының тілеуін сұрап, аспанымыздың ашық болуын Тәңірден тілейді, – дейді орыс ұлтының өкілі Татьяна Потапова.

Бүгінде ауданда оннан аса ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүреді. Барлығының мақсаты бір. Түрі басқа болса да, тілегі бір халықтың арманы да бір арнаға тоғысқан. Қазақтың дәстүрін, тілі мен дінін сыйлап, бір дастарханда бас қосқан.

Татулықты ту еткен, бейбітшілік пен бірлікті мақсат еткен ұлтымыздың «Мәңгілік ел» болуындағы даңғыл жолы қаланған тарихи күні елімізге амандық, берекелі тірлік тілейміз!


Бибісра ЖАНӘЛІ 
01 наурыз 2021 ж. 437 0