Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қашықтан жұмыс істеу бойынша түзетулер ұсынылды

Қашықтан жұмыс істеу бойынша түзетулер ұсынылды

Мәжіліс қашықтан жұмыс істеу бойынша түзетулерге ұсынысты қабылдады. Ол Қазақстанның еңбек заңнамасындағы өзгерістерді қарастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде қызметкерлерді қашықтан жұмысқа ауыстыру - еңбек заңнамасын жетілдіру қажетін көрсетті. Осыған байланысты заң жобасы қашықтан жұмыс істеуге байланысты еңбек қатынастарын реттеуді көздейді.

Уақытша және аралас жұмыс режимін енгізу, жұмыс кестесін, мерзімін, жұмыскердің, сондай-ақ жұмыс берушінің жауапкершілігін белгілеу ұсынылады", - деді Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Жәмилә Нұрманбетова палата отырысында.

Ол заң жобасы қабылданса, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағынан оң нәтиже болатынын атап өтті.

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істеуді құқықтық жағынан реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын жұмысқа алды. Мәжіліс комитеті ол бойынша қорытындыны 2021 жылдың 22 желтоқсанына дайындауды жоспарлап отыр.
10 ақпан 2021 ж. 412 0