Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда қанша мүйізді ірі қара бар?

Ауданда қанша мүйізді ірі қара бар?

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне осы жылдың тамыз айына ауданда 34 758 бас мүйізді ірі қара, 31 392 бас қой мен ешкі, 14 973 бас жылқы, 1 325 бас түйе, 13 014 бас құс өсірілуде. Бұл көрсеткішті өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 1,9 процентке, қой мен ешкі 4,8 процентке, жылқы 5,8 процентке, түйе 7,1 ппроцентке, құс 9,6 процентке, ет өндіру (тірілей салмақ) 1,4 процентке, сүт өндіру 1 процентке, жұмыртқа 1,9 ппроцентке өскен.
Ауданға қарасты «Шаған Жер» ЖШС-де 3 мың бас ірі қара малына арналған кешенді бордақылау алаңы 2015 жылдың желтоқсан айында «ҚазАгроӨнім» АҚ арқылы салынып, пайдалануға берілген болатын. Бүгінгі күні серіктестіктің мал бордақылау алаңында 388 бас мүйізді ірі қара малы бордақылануда. Ағымдағы жылы бордақыланған 118 бас мүйізді ірі қара малы сойылып, 23,6 тонна сиыр еті өндірілді.
Мал шаруашылығымен Бесарық ауылдық округіндегі «Абай-Дәулет» ЖШС-гі де айналысады. Серіктестік құны 300 млн. тең­гені құрайтын уақ мал басын көбейту жә­не экспортқа сапалы қой етін шығару мақсатында қуаттылығы 5000 бас аналық қой, 10 000 бас қозы бордақылау алаңын салып, қарқынды жұмыс жасауда.
Бордақылау кешенінде қой қора, борда­қылау пункті, тәулігіне 120-150 бас қой соятын пункт, лаборатория, ауыз су кешені, қуаттылығы сағатына 2500 келі комбикорм дайындап шығаратын зауыт, 5000 тонна жем-шөп сақтайтын қора бар. Бүгінгі күні мұнда 5857 бас асыл тұқымды қой малы күтіп бағылуда.
Айта кету керек, «Абай-Дәулет» ЖШС Иран Ислам Республикасының «Inchen Broon Cooperative, Inc» компаниясына 217 бас қозы экспорттады.

Бибісара ЖАНӘЛІ

19 қазан 2019 ж. 1 014 0