Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қызылордада «Адалдық кітапханасы ашылды

Қызылордада «Адалдық кітапханасы ашылды

Бүгін ҚР Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасында орналасқан «Адалдық кітапханасының» жұмыс барысымен танысты.

«Адалдық кітапханасы» жастарды парасаттылыққа баулып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен жоғары мәдениетті қалыптастыру мақсатында ашықтық, адалдық принципіне негізделген.

Сонымен қатар бұл кітапхананың басты ерекшелігі - кітапханашысы және қызмет көрсететін адамдардың жоқтығында. Ал кітапханаға келушілер тек қана тіркеу журналын пайдаланады.

Шара барысында Бақытжан Мақсұтұлы кітапхананы ашудағы мақсат – қоғамда сенім білдіру атмосферасын қалыптастыру екендігін атап, бұл факторлар сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитеттің пайда болуына тікелей әсерін тигізетіндігін хабарлады.
29 қаңтар 2021 ж. 382 0