Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов ауданға келіп, «Бағынысты қызметкерлердің жасаған сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттері үшін басшылардың жауапкершілігі мен адалдық қағидаларын қалыптастыру мәселелері туралы» түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесуді аудан әкімі Р.Рүстемов ашып, аталмыш мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімі мен персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімдері тұрақты түрде айналысып келе жатқанын айтты. Бұл бағыттағы мәселе күнделікті бақылауға алынғанын жеткізді.

Өз сөзінде департамент басшысының бірінші орынбасары жемқорлыққа жол бермеу керектігін атады.

- Қоғам кеселі саналатын сыбайластық мемлекеттің өркендеуіне кері ықпалын тигізеді. Жемқорлық кез келген сала жұмысының ілгерілеуіне тосқауыл болады. Сондықтан мұнымен қоғам болып күресу керек. Қазіргі таңда бағынысты қызметкерлердің жемқорлыққа жол бергені үшін бірінші басшылардың жауапкершілігі қаралады.Сол себепті де сыбайластықпен күресуде түсіндірме жұмыстарының маңызы зор, - деді Бақытжан Мақсұтұлы.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты бейнероликтер көрсетілді. Аудан басшысы түсіндірме жұмыстарын жүргізген департамент басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязовқа алғыс білдірді.

13 тамыз 2020 ж. 790 0