Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жүргізуші куәлігінсіз жүруге рұқсат етіледі

Қазақстанда жүргізуші куәлігінсіз жүруге рұқсат етіледі

ҚР Парламенті ел аумағында көлікті жүргiзушi куәлiгiнсіз, жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген басқару құқығына арналған уақытша куәлiксіз және көлікті тіркеу құжатынсыз басқаруға рұқсат ететін заңды қабылдады.

Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Заңы екі оқылымда қабылданып, заң жобасы қол қою үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жіберіледі.

Алайда шетелдік нөмірі бар көліктер мен жүргізуші куәлігін шетелден алғандар құжатын жанына алып жүруі тиіс. Өйткені қазақстандық полицейлер өзге мемлекеттердің деректер базасына кіре алмайды.

ҚР ӘКҚК сәйкес полиция жүргізушіге куәлігі не техникалық төлқұжаты болмаған жағдайда айыппұл салып, көлігін айып тұрағына орналастыруға құқылы. Өзгертулер мен түзетулерге қарамастан елімізде жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу құжатын өзімен бірге алып жүруге міндетті. Қазіргі таңда жүргізушілер өзімен бірге техникалық тексеріс талонын және сақтандыру туралы құжатты алып жүрмеуге мүмкіндік бар.
21 қаңтар 2021 ж. 499 0