Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Университеттер қашан дәстүрлі форматқа ауысады?

Университеттер қашан дәстүрлі форматқа ауысады?

Бұл туралы ОКҚ-де оқу жылының үшінші тоқсаны туралы өткен онлайн брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов айтты.

Ол еліміздегі ЖОО-ларының көктемгі семестрге дайындық барысына тоқталды.

Қазақстанда 120 ЖОО жұмыс істейді. Білім алушылардың контингенті 619 861 адамды құрайды. 2020 жылдың қыркүйек айында COVID-19 індетіне байланысты ЖОО оқыту қашықтан және аралас форматта басталды. Бұл үшін ЖОО қажетті цифрлық инфрақұрылыммен жабдықталуы бойынша тиісті жұмыс жүргізді. Осы жылдың 18 қаңтары мен 15 ақпаны аралығанда көктемгі семестр басталадыә, – деп атап өтті вице-министр.

Сондай-ақ, білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында ЖОО-ларда дәстүрлі оқытуға біртіндеп көшу туралы мәселені пысықтап жатқандарын айтты.

«Республика аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың шешімі бойынша І курс студенттеріне оқыту аралас форматта ұйымдастырылатын болады. Яғни дәрістер онлайн форматта, ал семинарлар, практикалық-зертханалық сабақтар күндізгі форматта өтедіә, – дейді Дәуленов.
13 қаңтар 2021 ж. 357 0