Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік мекеме қызметкерлерін қабылдады

Мемлекеттік мекеме қызметкерлерін қабылдады

Аудан әкімі Талғат Дүйсебаев аудандағы дербес бөлім және мемлекеттік мекеме қызметкерлерін қабылдап, Жаңа жылмен құттықтады. Кездесу барысында аудан басшысы жылды қорытындылап, атқарылған жұмыстарды саралап өтті.

– Өтіп бара жатқан 2020 жыл Сырдария ауданы үшін жетістігі мол табысты жыл болды. Ауданда маңызы зор құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп, тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Диқандарымыз күріштен рекордтық өнім жинап, қамбамыз алтын дәнге толды. Бүгін облыстан қуанышты жаңалық жетті. №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Ерболат Садықовтың «Қызылорда облысының білім беру саласын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісімен және №137 орта мектеп мұғалімі Ербол Сайлауұлының тұңғыш рет аймақ басшысының атынан 833 мың теңгені құрайтын бірретік сыйақымен марапатталуы – аудан үшін зор мақтаныш. Міне, осындай жетістіктер мен серпінді жұмыстар аудандағы барлық салада бар. Біз жыл қорытындысында үздіктерді марапаттап, алдымызға айқын міндеттер қойдық. Алдағы жылы да жүйелі жұмыстарды атқарып, ауданның дамуына еңбек ететін боламыз, – деді аудан әкімі Талғат Тұрсынұлы.

Сонымен қатар, аудан басшысы алдағы саяси науқанды бірлесіп, өз деңгейінде өткізу керектігіне тоқталды.

Еліміздегі карантиндік жағдайға байланысты мерекелік кештер ұйымдастырылмайтынын да ескертті.

Кездесуде ауданның бірқатар азаматтары ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жүрген үлесі үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және облыс әкімінің «Алғысымен» марапатталды.

02 қаңтар 2021 ж. 308 0