Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің мерекелік құттықтауы

Аудан әкімінің мерекелік құттықтауы

Құрметті сырдариялықтар!

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құт­тықтаймын!

Жаңа жыл – жақсылықтың жаршысы. Бұл мерекеде біз болашаққа бағдар құрамыз және келер жылғы негізгі міндет­терімізді айқындаймыз.

Өтіп бара жатқан жыл біз үшін оңай болған жоқ. Әлемді әбігерге салған пандемия экономикаға және сала жұмысына кері әсер етті. Десе де, халқымыздың бірлігінің арқасында біз қауіпті індеттің алдын алуға жұмыс жасап келеміз.

Коронавирус инфекциясымен күресте барлық сала мамандары аянбай жұмыс істеді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында жанашыр азаматтар мұқтаж отбасыларға көп қолдау білдірді. Бұл бірлігіміз бекем, татулығымыз тұрақты екенін көрсетті.

Биыл қалыптасқан жағдайға қарамастан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев инвистиция тартуға, бюджетті жоспарлы игеруге, кәсіпкерлікті дамытуға қатысты нақты тапсырмалар берді. Осы бағытта біз ауданда жүйелі жұмыстарды бәсеңдеткен жоқпыз. Барлық көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткіздік. Бұл жетістіктеріміз – тұрақтылықты ту еткен аудан халқының еңбегінің жемісі.

Қадірлі жерлестер!
Санаулы сәттерден соң Жаңа жылға қадам басамыз. Келер жылы Ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Егемендік – еліміздің басына бұйырған бақыт десек, сол Азаттықтың 30 жылдығын ел болып кең көлемде атап өтетін боламыз. Еліміздің егемендігін көзіміздің қарашығындай сақтау – ең басты міндетіміз.

Халқымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген тағылымды сөз бар. Ендеше, Жаңа жыл әр шаңыраққа құт-берекесімен еніп, қуаныш, шаттық әкелсін. Ауданымыз өркендеп, дами берсін.
Еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!

Құрметпен,
Талғат Дүйсебаев,
Сырдария ауданының әкімі
31 желтоқсан 2020 ж. 415 0