Лимузин – байлар мен шенеуніктер мінген көлік
Бүгінде көліктің сан-алуан түрі бар. Дегенмен оның ішінде лимузиннің орны бөлек. Өткен ғасырда президенттер мінген шанағы ұзын көлікті бүгінде жолда арагідік кездестіреміз.
Лимузин өндірісі өткен ғасырда АҚШ-та пайда болды. Қалтасы қалың байлар елден ерекшелену үшін көліктің түрлісін мінуге құмар еді. Генри Лиланд есімді инженер шанағы ұзартылған көліктің прототипін жасап, өндіріске ұсынады. Іші кең көлікте отыру қолайлы болу үшін бәрі жасалған еді.
Алғашқы лимузиндердің легі 1902 жылы жасала бастады. Генри Лиланд негізін қалаған Cadillac компаниясы бастапқыда көлікті тек жалға беретін болған. 1917 жылы инженер АҚШ- тың 16-шы президенті Авраам Линкольнің құрметіне Lincoln компаниясын ашып, лимузин өндірісін жолға қойды. Бұл жолы тек байлар мен шенеуніктерге арналған лимузиндер класы жасалды.
Гиннес рекордтар кітабына енген лимузиннің ұзындығы – 30,5 метр. 1991 жылы Cadillac Eldorado компаниясының инженері Джей Орберг 1976 жылы құрастырылған екі лимузинді қосып, әлемге танымал көлік жасап шығарды. 30,5 метр болатын көліктің жүруі үшін екі қозғалтқыш пен 26 дөңгелек орнатылған. Ішінде бассейн, джакузи мен гольф ойнайтын жері бар. Бұған қоса көліктің артқы жағында кішігірім тікұшақ қонатындай алаң жасалған.