Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар Жаңа жылда қанша күн демалады?

Қазақстандықтар Жаңа жылда қанша күн демалады?

Қазақстандықтардың Жаңа жыл мен Рождествода қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Дереккөз мәліметінше, биыл жаңажылдық ресми демалыс күндері – 1 және қаңтар. 2 қаңтар сенбіге түсетіндіктен, демалыс 4-не, яғни дүйсенбіге ауыстырылады.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасы бойынша қазақстандықтар 1, 2, 3, 4 қаңтарда, ал алты күндік жұмыс аптасы бойынша қазақстандықтар 1, 2, 3 қаңтарда демалады.

31 желтоқсан – бұл ресми жұмыс күні. Ол күні демалғыңыз келсе, онда бұл туралы жұмыс берушімен алдын ала келісу керек екені айтылады.

Жаңажылдық демалыстардан кейінгі келесі демалыс бейсенбі, 7 қаңтарға түседі. Бұл күні қазақстандықтар Рождествоны атап өтеді.

07 желтоқсан 2020 ж. 250 0