Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 2019 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады?

2019 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады?

2019 жылы қазақстандықтар120 күн демалады, деп хабарлайды 24.kz.
Қазақстандықтар ең көп демалатын күндер наурыз айында - 14 күн, ал мамыр мен желтоқсанда 12 күннен демалатын болады. Қаңтарда ел тұрғындары - 11 күн, маусым мен тамызда - 10 күннен, шілде, қыркүйек және қарашада - 9 күннен, ақпан, сәуір және қазанда - 8 күннен демалады.
ҚР «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мереке атап өтілетін күндер елдің еңбек заңнамасына сәйкес мерекелік күндер болып саналады.
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк мерекелер мына күндерi атап өтiлетiн мерекелер:
Жаңа жыл - 1-2 қаңтар;
Халықаралық әйелдер күнi - 8 наурыз;
Наурыз мейрамы - 21-23 наурыз;
Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесi - 1 мамыр;
Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр;
Жеңiс күнi - 9 мамыр;
Астана күні - 6 шілде;
Қазақстан Республикасы Конституция күні - 30 тамыз;
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні - 1 желтоқсан;
ұлттық мереке:
Тәуелсіздік күні - 16-17 желтоқсан.
Қазақстан Республикасында мереке күндері халық демалады. Мереке күндері демалыс күндеріне (сенбі, жексенбі) түссе, мерекеден кейінгі күн жұмыс күні болып саналады. Осылайша, 2019 жылы бескүндік жұмыс аптасындағы демалыс күндері:
23 наурыздан 25 наурызға;
6 шілдеден 8 шілдеге; 1 желтоқсаннан 2 желтоқсанға;
алтыкүндік жұмыс аптасында:
1 желтоқсаннан 2 желтоқсанға ауыстырылады.
Бұдан бөлек, мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айт мерекесінің бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып саналады. 2019 жылы Құрбан айттың бірінші күні 11 тамыз күні атап өтіледі.
04 желтоқсан 2018 ж. 1 290 3

Гость JeaOrer от 24 ақпан 2019 05:51
Prezzo Cialis Cialis Levitra Farmacia cialis 20mg price at walmart Priligy Pharmacie En Ligne Viagra 100mg Angebot Cialis 40 Mg Pills Generic

Гость JeaOrer от 13 наурыз 2019 07:46
Kwikmed generic 5mg cialis best price Walgreens Otc Asthma Medicine Se Vende Viagra En La Farmacia Keflex Conjunctivitis

Geraldcax от 12 желтоқсан 2022 18:19