Облыс әкімі Г.Әбдіқалықова: Шалғай елді мекендерді интернет байланысымен қамтуды жеделдету қажет

- Қазіргі таңда облыстағы 230 ауылдық елді мекеннің 170-і кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында өңірде 73 елді мекеннің мемлекеттік органдары талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз етіліп, оның 14-не «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізді. Бүгінде жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамтамасыз ету мәселесі бойынша шешімін таппаған 39 елді мекенді және шалғай орналасқан 14 елді мекенді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыруыңызды ұсынамыз – деді облыс әкімі Г.Әбдіқалықова.