Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы қайта бекітілуі мүмкін

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы қайта бекітілуі мүмкін

Қазақстанда коронавирус инфекциясының екінші толқыны қаупіне байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің шекті бағасы қайта бекітіле ме? Бұл сұраққа Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл коронавирустың алғашқы толқыны кезінде шекті бағалардың нарықтан тыс механизмін енгізуге мәжбүр болдық. Осы уақыт аралығында мемлекеттік органдармен, бизнеспен ауқымды жұмыс жүргізіліп, аймақтарда азық-түліктің, әлеуметтік қордың қоры жасалды, ресурстар бөлінді», - деді Бақыт Сұлтанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, мемлекет тарапын қолға алынған осы шаралардың арқасында баға едәуір тұрақтаған.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына алдыңғыдай сұраныс күрт артса – бағаны ұстап тұру механизмі қайта енгізілуі мүмкін», - деді ол.
26 қазан 2020 ж. 508 0