Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
Циклон әсерінен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болады.
Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді. Солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ақмола облысының басым бөлігінде тұман, көктайғақ, кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Шығыс-Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.