27 қаңтарға арналған ауа-райы болжамы
Синоптиктер 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады, – деп хабарлайды baq.kz
Қазақстанның басым бөлігі циклон әсерінде болғандықтан құбылмалы ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерінде жауын-шашын жауады, көбінесе қар түрінде, оңтүстікте кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі, солтүстікте қатты қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады, солтүстікте және оңтүстікте желдін екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ күтіледі, желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді, Ақмола облысында желдің екпіні 30 м/с және одан асуы ықтимал.
Түркістан, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28, таулы аймақтарда 30 м/с жетеді.
Павлодар, Қарағаңды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, басым бөлігінде желдің күші 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшейеді, Қарағаңды облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, басым бөлігінде желдің күші 15-20, кей жерлерде 23 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, түнде – көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Жаланашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.