Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Берекелі жәрмеңке

Берекелі жәрмеңке

Сапалы өнім, қолжетімді баға. Бүгін аудандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіде. Дәстүрлі күзгі жәрмеңкенің алғашқы күнінде тауар өндірушілер жалпы сомасы 22 миллион теңгені құрайтын 200 тоннадан астам өнім әкелінген.  

Күз мезгілінің екінші айын сырдариялықтар дәстүрге айналған ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде көтеріңкі көңіл күймен өткізері сөзсіз. Себебі мұнда күнделікті сұранысқа ие өнімдер базар бағасынан 15-20 пайызға төмен.  Таңсәріден айтулы шараны аралаған аудан басшысы Т.Дүйсебаев тұрғындарға қолайлы бағада сатуды назарға алған.


Аталмыш жәрмеңке халықтың қыс қамын қиналмай жаса алуына септігін тигізбек. Сондықтан күзгі жәрмеңкені тұрғындар асыға күтеді.


Н. Ілиясов ауылынан келген М.Мауханов аталмыш жәрмеңкеге жыл сайын қатысады. Бұл жолы сыр салысының түрлі сорттарын нарық бағасынан арзандатып халыққа ұсынуда. Ол ауылдағы ағайындардың өз өнімдерін ешбір делдалсыз тікелей тұтынушыға сатуға осындай мүмкіндіктің барына разы.


Майя ҚОЖАБАЙ
17 қазан 2020 ж. 887 0