Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ел Президенті ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады

Ел Президенті ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Олардың ағартушылық қызметі және жас буынды тәрбиелеу жолындағы тынымсыз еңбегі әрдайым жоғары бағаланады. Күрделі кезеңге қарамастан мемлекет мұғалімдерге қолдау көрсете береді», - деді Мемлекет twitter парақшасында.

Айта кетсек, қазан айының алғашқы жексенбісінде Қазақстанда мұғалімдердің кәсіби мерекесі атап өтіледі. Бұл атаулы күн 1965 жылы 29 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Бұйрығымен белгіленген. Бүгінгі таңда Қазақстан, Беларусь, Латвия және Украина Мұғалімдер күнін қазанның алғашқы жексенбісінде атап өтеді. Ал көршілес Өзбекстан – 1 қазанда, Қырғызстан, Әзербайжан, Ресей, Тәжікстан, Армения, Молдавия, Эстония және Литва – ұстаздар мерекесін 5 қазан күніне бекіткен.

04 қазан 2020 ж. 506 0