Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасы Түркістан халықаралық әуежайының ашылу рәсіміне қатысты

Елбасы Түркістан халықаралық әуежайының ашылу рәсіміне қатысты

Әуежайдың жалпы ауданы – 905 гектар болса, ұшу-қону жолағы – 3 300х45 метр. Ал жолаушылар терминалының ауданы – 10,5 мың шаршы метр

Елбасы Түркістан халықаралық әуежайының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.

"Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан халықаралық әуежайының ашылу рәсіміне қатысты. Қаладан 20 шақырым жерде орналасқан әуежай заманауи технологияларды қолдана отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес салынған", – деп хабарлады Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Үкібай Twitter парақшасында жариялаған фотоларға сәйкес, әуежай ішінде арнайы тақтайша орнатылған. Ол жерде "Түркістан халықаралық әуежайының құрылысы 2019 жылы Қазақстан Республикасының бастамасымен қолға алынып, 2020 жылы 28 қыркүйекте Елбасының арнайы қатысуымен ашылды" деп жазылған.

Сонымен қатар әуежайдың ашылуына үкімет басшысы Асқар Мамин де қатысты.

Елбасының бұл сапары барысында Түркістан қаласында жаңа халықаралық әуежайы іске қосылды.

"Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы жаңа әуежай құрылысының жобасы қазіргі Түркістанның ауқымды құрылысының ірі және маңызды нысандарының біріне айналды. Түркістанның жаңа әуе айлағы өңірдегі туризмнің дамуына қуатты серпін беріп, азаматтардың авиатасымалдау қызметіне деген қажеттілігін қанағаттандырады, – деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.

Жобаны іске асыру үшін шетелдік инвестициялар тартылған, құрылыс рекордтық мерзімде аяқталып отыр.

Түркістан қаласының жаңа халықаралық әуежайынан бірінші кезеңде қазақстандық авиакомпаниялар Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына рейстер ашады және одан кейін Қазақстанның басқа да облыс орталығымен байланыс орнатылады. Бастапқы кезеңде Turkish Airlines авиакомпаниясы Стамбулға рейстер ашуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Түркістан қаласының әуежайы шетелдік авиакомпаниялардың ұшуы үшін "ашық аспан" режиміне қосылатын болады. Мұндай қадам әуежайдан ұшу географиясын кеңейтеді және шетелдік туристер ағынын тартуға ықпал етеді.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметіне сәйкес, әуежайдың ауданы – 905 гектар, ұшу-қону жолағы – 3 300х45 метр, жолаушылар терминалының ауданы – 10,5 мың шаршы метр, өткізу қабілеті – сағатына 450 жол.

Сонымен қатар Елбасы Түркістанға сапары барысында Елбасы "Түркістан-Арена" стадионында болып, одан кейін "Конгресс Холл" көпфункционалды концерт залына да барды.

"Елбасы концерттер, театрландырылған қойылымдар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыруға арналған көпфункционалды мәдени нысанмен танысты", – деп хабарлады Үкібай Twitter парақшасында.
28 қыркүйек 2020 ж. 374 0