Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл тұрғындары жолды жөндеді

Ауыл тұрғындары жолды жөндеді

Аманкелді ауылдық округінде ауыл әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл азаматтары бір кісідей жұмылып, ауылішілік жолды жөндеді. Ағымдағы жолды жөндеу кезінде ауылдағы Қ.Баймағанбетов, А.Ағайдаров, Р.Мәзхожаев, Ғ.Мұратбаев, Жалбыр батыр көшесінің ойылып қалған шұңқырларға асфальт төселіп, жүк көлігімен тығыздалды.

Күні бойы жұмыс істеген азаматтарға ауыл тұрғындары түскі ас әзірлеп берді.

Игі іске ауыл тұрғындары мен жастар жұмылып, жол жөндеу кезінде жұмыстың сапалы атқарылуына үлкен мән берілді. Әсіресе белсенділік танытқан Аманкелді Қоянбаев, Мұхтар Омаров есімді азаматтарға тұрғындардың айтар алғысы мол.

– Сауапты іске жұмылған ауыл тұрғындары бастамаға қолдау білдіріп, жолды жөндеуге атсалысты. Көптен бері шешімін таппай жүрген мәселе бірліктің арқасында жылдам жүргізілді. Ауыл ақсақалдары да елдің ауызбірлігін тілеп, ақ батасын беруде. Жастарға үлгі көрсетіп, сауапты істі қолға алған азаматтарға алғыс айтамын, – дейді ауылдық округ әкімі Мейрамбек Нұрғалиев.

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
17 қыркүйек 2020 ж. 738 0