Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Аманкелді ауылдық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Жиынды кеңес төрағасы М.Кенбаев ашып, көтерілетін мәселелерді таныстырды.

Өз кезегінде ауыл әкімі М.Нұрғалиевке сөз  алып, негізгі мәселені жиналғандарға айтты.
Аманкелді ауылдық округі әкімі аппаратының теңгеріміндегі «Өрт сөндіру бекетіне» бөлінген қаржыны үнемді пайдалану, аяқ су мәселесі, тұрғындарды бақша егу ісіне жұмылдыру, инвесторлармен жұмыс жасау, күл-қоқысты шығару жұмыстары және кеңестің құрамын қайта құру туралы мәселелермен таныстырды.

Отырыста барлық мәселелер толыққанды қаралып, алдағы уақытта осы мәселелер бойынша нақты жұмыстар жүзеге асырылатын болады.

Кеңес жұмысын кеңес төрағасы М.Кенбаев қорытындылап, айтылған ұсыныс-пікірлерлер бойынша тиісті басшылық орындарға ұсынылатынын және орындалуы бақылауда болатынын білдірді.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 
31 тамыз 2020 ж. 373 0