Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қызылордада карантин ережелеріне өзгеріс енгізілді

Қызылордада карантин ережелеріне өзгеріс енгізілді

Қызылорда облысы бойынша 25 мамырдан бастап кезең-кезеңімен іске қосылатын салалардың және ұйымдардың тізіміне толықтырулар енгізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов мәлімдеді, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 
«Бесінші кезеңге, яғни 25 мамырдан бастап іске қосылатын салалар мен ұйымдардың тізіміне толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, 6-11 сынып оқушылары үшін жеке қосымша білім беру орталықтары. Яғни жеке сабақтар бойынша 1 адамнан болса, ал топтық сабақтарға 10 адамнан аспайтындай және оқу бөлмесіндегі оқушылардың ара қашықтығы 1,5 метрді сақтай отырып, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 17.00 –ге дейін істейтін болады. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты алдын ала жазылу бойынша сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін ұзартылды»,-деді Наурызбай Сейтқалиұлы.
24 мамыр 2020 ж. 1 168 0