Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігердің онлайн кеңесін қалай алуға болады?

Дәрігердің онлайн кеңесін қалай алуға болады?

1.Өз емханаңыздың Call-орталығы арқылы немесе басқа байланыс арналары, мобильді қосымшалар арқылы дәрігердің кеңесіне жазылу (бар болса).

2.Кеңес беру күні мен уақытын таңдаңыз. Сонымен қатар, тар маманның қабылдауына жазылу үшін алдымен учаскелік дәрігерден жолдама алу керек, яғни ең алдымен терапевтке /ЖПД-ға қабылдау үшін өтініш беру керек.

3. Таңдалған байланыс арнасы арқылы маманнан белгіленген уақытта қоңырау (аудио немесе видео) күтіңіз.

«Дәрігерден кеңес алу үшін емханаға барудың қажеті жоқ. Ол науқас қай жерде болмасын, қашықтықтан қолжетімді. Бұл жағдайда дәрігердәрі-дәрмектерге рецепт жазаалады. Аурухана парақтарын, зертханалық зерттеулердің тексерулердің нәтижелерін көруге болады. Яғни, осы қызметтерді алу үшін емханаға келудің қажеті жоқ», – деп ӘМСҚ-да атап өтілді.

Қорда түсіндірілгендей, қашықтықтан медициналық қызметтер диагностика, емдеу, медициналық оңалту және аурулар мен жарақаттардың алдын-алу, сандық технологиялар көмегімен зерттеулер мен бағалау үшін ұсынылады.

Бұл ретте учаскелік дәрігердің қашықтықтан кеңес беруі МСАК медициналық ұйымдарына жан басына шаққандағы норматив төлемі шеңберінде ТМККК тізбесіне, ал нақты көрсетілген қызметтер үшін (ТМККК бойынша қызмет көрсетілетін созылмалы, әлеуметтік мәні бар және инфекциялық аурулардан басқа) МӘМС шеңберінде тар бейінді мамандардың консультациялары кіреді.
Сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар Қорға Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы жүгіне алады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
19 тамыз 2020 ж. 517 0