Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаруалар арзандатылған жанармаймен қамтамасыз етілді

Шаруалар арзандатылған жанармаймен қамтамасыз етілді

Өңірге күзгі егінді жинау және дала жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан 12 514 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек Нұрымбетов мәлімдеді.

«Қазір дизель отынының 788 тоннасы облысқа жеткізілді, оның 275 тоннасы шаруашылықтарға таратылып, қалған бөлігі қазан айына дейін әкілінеді. Сондай-ақ, шаруашылық құрылымдары агротехникалық талаптарға сай ауыл шаруашылығы дақылдарын күтіп баптау жұмыстарымен айналысуда. Бұған қоса,облыста 8,33 гектар болатын 24 жылыжай жұмыс жасауда. Өткен жылы Шиелі ауданында 0,7 гектарды құрайтын 10 жылыжай пайдалануға берілсе, биыл шаһарда 2,2 гектар «КазАгроМир» ЖШС-нің заманауи автоматтандырылған жылыжай кешені толықтай іске қосылды»,-деді сала басшысы.

Сонымен қатар, облыста 6 тонна өнім жиналып, ішкі нарықты қияр өнімімен қамтамасыз етуде. Мұнан өзге, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту бағытында да тиісті жұмыстар жүргізілуде.

14 тамыз 2020 ж. 650 0