Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Меритократия қағидаты іс жүзінде жүзеге асырылуда

Меритократия қағидаты іс жүзінде жүзеге асырылуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрман Талқанбаев брифинг өткізді.

Брифинг барысында 2020 жылдың І-жартыжылдығында атқарылған жұмыстар және ҚР мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндады.

2020 жылдың 1-ші шілдесіне облыстағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны 3676 бірлік болса, нақты саны 3487 адамды құраған. Оның ішінде, 1609-ы (46,1%) әйелдер, 528-і (15,1%) жастар санатындағылар, 3464-ы (99,3%) қазақ ұлтының өкілдері, 23-і өзге ұлт өкілдері.

Мемлекеттік әкімшілік қызмет тестілеуіне 653 адам қатысып, олардың 38 пайызы (248 адам) және құқық қорғау органдарының тестілеуіне 509 адам қатысып, 47,4 пайызы (241 адам) шекті мәннен төмен емес нәтижеге ие болған.

«Аймағымызда меритократия қағидаты іс жүзінде жүзеге асырылуда. Мәселен, жыл басынан бері ішкі конкурстардың нәтижесімен жұмысқа қабылданған 123 үміткердің 89-ы, яғни 72,4 пайызы жоғары лауазымға тағайындалды», - деді департамент басшысы Н.Талқанбаев.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
13 тамыз 2020 ж. 485 0