Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Тамызда 42500 теңгенің жартысы төленеді

Тамызда 42500 теңгенің жартысы төленеді

Тамызда қазақстандықтарға 42 500 теңгенің жартысы, яғни 21 250 теңге берілетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл мәселеге қатысты Президенттің тікелей тапсырмасы бар: екі аптаға созылған карантинге байланысты төлем міндетті түрде жүргізіледі. Алайда бұрынғы соманың жартысы, яғни 42 500 теңгенің жартысы – 21 250 теңгеден беріледі. Бұл соманы біздің азаматтар міндетті түрде алады», - деді Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізіп, карантин шараларын екі аптаға ұзартуды тапсырған болатын. Мемлекеттік комиссия отырысының қорытындысы бойынша Қазақстанда карантин шаралары екі аптаға ұзартылды.

30 шілде 2020 ж. 419 0