Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Карантин талаптарын бұзған қазақстандықтар айыппұл төлейтін болды

Карантин талаптарын бұзған қазақстандықтар айыппұл төлейтін болды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов карантинт режимін бұзғандарға айыппұл салынатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.

«Карантиндік режим мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке жеке тұлғалар 30 АЕК-ке (1 АЕК – 2778 теңге / 30 АЕК – 83 340 теңге), ал кәсіпкерлік субъектілері 230 АЕК-тен (638 940 теңге) жоғары сомаға тартылады. Тиісті нормативтік-құқықтық акті осы аптада қабылданады», – деді Е. Тоғжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын.

Оған сәйкес, биылғы 5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге бірқатар шектеу шараларын енгізу шешімі қабылданды.

02 шілде 2020 ж. 726 0