Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордаға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов келді

Қызылордаға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов келді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын қадағалау үшін арнайы іс-сапармен Қызылорда облысына келді, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Облыс әкімдігі ғимаратында өткен мәжіліс барысында СК-Фармация басшысына облыстың медициналық мекемелерінің дәрі-дәрмекпен бір айлық қоры көлемінде қамтамасыз етілуі ерекше тапсырылды.
Сонымен бірге, бір апта ішінде өкпені жасанды желдету аппараттары тағы да қосымша облыс мекемелеріне жеткізілетін болады. Одан бөлек, 26 шілде күні облысқа қосымша қажетті 200 оттегі концентраторы жеткізіледі. Бұл көлем жалпы облыс қажеттілігін толықтай қамтитын болады.
Ералы Тоғжанов коронавирус індетінің одан әрі таралмауы және эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруы жергілікті халықтың санитарлық нормаларды сақтауына да байланысты екендігін атап өтті.
«Күні кеше облыстың кей аудандарында той мен жиындар өткізілген. Дәрі-дәрмекпен, қажетті медициналық көмекпен мемлекет сөзсіз қамтамасыз етуде. Алайда, індеттің таралмауы – бұл мемлекеттің ғана қолында емес, бұл істе халықтың да жауапкершілігі мол»,-деді.
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың Қызылорда өңіріне іс-сапары аясында Облыстық Жедел медициналық көмек стансасы мен Облыстық көпсалалы емханадағы жағдаймен танысып, өңір орталығындағы бірнеше дәріханалардың дәрі-дәрмекпен тексеру жоспарланған.

24 шілде 2020 ж. 503 0