Сырдариялық оқушының бейнекөрінісі көп дауыс жинады

№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің 4 сынып оқушысы Минуара өз есімінің ерекшелігін айтып берді. "Минуара" – суыққа да, ыстыққа да төзімді, көп жылдық таулы өсімдіктің мағынасын білдіреді. Сырдариялық бүлдіршіннің нағашы әжесі немересі 6 айлағында босанғанда барлығына төзімді болсын деген ниетте есімін Минуара қояды.
Челендж барысында Минуара Сермағанбет Сырдария ауданының Құрметті азаматы Әби Сарқыншақов өз немересінің есімін Минуара деп қойғандығын айтты. Сонымен бірге жас балғын болашақта дәрігер болғысы келетіндігін тілге тиек етті. Инстаграм әлеуметтік желісіндегі asylarna парақшасына жарияланған бейнеролик 54 мыңға жуық қаралым жинаған. Бір тәулік ішінде бірнеше адам өз пікірлерін білдіріп, кішкентай бүлдіршінге ақ тілектерін жеткізген.