Осы жолы 42500 теңге кімге беріледі?

«Осы жолы төлем кімге төленеді, мұқтаж адамдар кім?» деген сұрақтар көп қойылып жатыр. Бұл жолғы 42 500 теңге әлеуметтік төлемі өткенде төтенше жағдайдағы қағидаттармен төленеді. Яғни, жұмыс істеп жүріп өзінің табысынан, алып жүрген жалақысынан айырылған азаматтарға беріледі. Олар: жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар. Төлем бір айға қарастырылып отыр»,- деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.