Біз қорғауға тиісті ең басты құқық – біздің өміріміз
Бүгінде өзгенің қасіреті, өзгенің қайғысы деген болмайды.
Біз осы күндері бастан кешкен қайғының соншалықты ауқымды боларын білмедік. Коронавирус күн сайын адамдардың өмірін жалмап, қазақстандық әр отбасына ауыр қайғы әкелуде. Бұл біреуге орны толмас қаза, ал жақындарымыз, кәрі ата-аналарымыз, балаларымыз үшін дабыл.
Бүгін – Ұлттық аза тұту күні коронавирус пандемиясынан қайтқан азаматтарды еске аламыз. Жақындарынан айрылған отандастарымызға қайғырып көңіл айтамыз.
Елімізбен бірге әріптестерімізді – мезгілсіз өмірден озған судьялар мен сот қызметкерлерін аза тұтамыз. Олардың әрбірінің сот корпусында өз орны бар, өз қызметтерін адал атқарды.
Олардың жарқын бейнесі есімізде мәңгі сақталады.
Қымбатты қазақстандықтар! Өздеріңіз бен жақындарыңызға қамқор болыңыздар!
Бүгінде біз қорғауға тиісті ең басты құқық – біздің өміріміз!
Жақып Асанов,
ҚР Жоғарғы сотының төрағасы