Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Облыс әкімі үшемнің ата-анасын құттықтады

Облыс әкімі үшемнің ата-анасын құттықтады

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қазалы ауданы, Ү.Түктібаев ауылының тұрғындары үшемнің ата-анасы атанған Қуаныш Алтынбаев пен Әйгерім Махамбетжанованы қуаныштарымен құттықтап, отбасына сый-сияпат тарту етті, – деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысының сәлемдемесін Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев табыстады. Аудан басшысы сәбилердің дені сау, ғұмыры ұзақ болсын деген тілегін жеткізді.
Үшемдердің әжесі Батыр ана Кәмпит Алтынбай облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықоваға алғысын жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде «Егіздер ауылы» атымен танымал Ү.Түктібаев ауылында 23 егіз, 2 үшем дүниеге келген.
18 маусым 2020 ж. 692 0