Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр күріші шетелге экспортталуда

Сыр күріші шетелге экспортталуда

Қызылорда облысының күріші шетелдер де сұранысқа ие. "Абзал және Компания" Толық Серіктестігінің, "Элита" бренді Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркіменстан, Моңғолия, Ауғанстан, Украина, Тәжікстан және ТМД өзге елдеріне экспортталады, деп хабарлайды baq.kz

Кәсіпорын Қазақстандық және Ресейлік стандарты бойынша ақталған және ұсақ күріш өндіреді.

Аймақта сыр маржанын өндейтін ірі зауыттардың бірі – Қызылорда қаласында орналасқан "Абай Дәулет" ЖШС. Заманауи корей технолгиясымен жабдықталған кәсіпорынның қуаттылығы сағатына 7-10 тонна. Шығарылған өнімнің 60% экспортқа жіберіледі.

Айта кету керек, Қызылорда облысындағы тамақ өндірісінің 50% күріш өңдеумен байланысты. Сыр салысын жаңа технологиямен өңдеу жұмыстары да жүйелі жолға қойылған. Мәселен облыс аумағында 45 ірі және 29 кіші зауыт жұмыс істейді. Оның 27 халықаралық стандартқа сай. Бүгінгі күні барлық кәсіпорындардың жылдық қуаттылығы 408,5 мың тонна және өнім өндіру осы жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда екі есеге өскен. Экспорт көлемі 31 % ұлғайған.
17 маусым 2020 ж. 453 0