Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ел Президенті карантиндік шараларды сақтауға шақырды

Ел Президенті карантиндік шараларды сақтауға шақырды

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынының қауіпі сейілмегенін атап өтті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың одан да көп таралуына жол бермеу үшін қазақстандықтарды карантиндік шараларды сақтауға шақырды, деп хабарлайды Today.kz.

"Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. К/вирустың екінші толқынының қауіпі сейілмегенін ДДСҰ да растады. Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануға тағы да шақырамын", - деп жазды ол өзінің Twitter желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, елімізде COVID-19 жұқтырудың 12067 жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте вирстан тағы төрт адам көз жұмды.
04 маусым 2020 ж. 517 0