Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Құнды қолжазбалар

Құнды қолжазбалар


«Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деген халық нақылы өміршеңдігін жоймақ емес. Оған жақында тағы да куә болдық. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында аудан көлеміндегі тарихи жерлердегі тұнып тұрған сырларға қанық болу мақсатында ауылдарды аралаған кезде көпті көрген, ақылы дария ақсақалдармен тілдестік. Сондай сапарлардың бірінде шіркейлілік қария Біләл ата Мақашұлы бізге елді мекен төңірегіндегі «Қос асар» мен «Жетім асар» тарихы жайлы айтқан болатын. Ақсақал шежірелі Шіркейліден шыққан батырлар туралы сыр шертіп, бұдан бөлек өзінің жеке қорында құнды дүниелер бар екенін тілге тиек еткен еді. Бұрынғылардан қалған құндылықтарды жинастырып қоюға уәде еткен қадірлі қария жақында хабарласты. Жол түскенде арнайы соғып, құнды жәдігерлерді қолмен ұстап, көзбен көрдік.
Майдангер Рақыш
– Менің әкем – Мақаш 45 жыл ұстаздық етіп, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берген. Таңды-таңға атырып ертегі-әңгімелер айтатын. Мақаш әкем алты ағайынды. Олар Әлиасқар, Әлиакбар, Мақаш, Рақыш, Торыш, Зинабдин бір атадан тараған. Бәрі де халыққа қадірлі кісі болған, - деген Біләл ата Әлиасқар мен Рақыштың өнегелі өмірлеріне тоқталды. 
Ағайындылардың үлкені Әлиасқар сегіз қырлы, бір сырлы жан болыпты. Ол темір, ағаш ұстасы, етікші, ашаршылық кезеңінде аңшылықпен ағайынды асыраған мерген болған екен. Өзі сауатсыздар мектебінде екі жыл оқып, сауат ашқан. Ескіше де оқыған. Бір қызығы, ол кісі көбейту кестесін саусақпен есептеудің шебері болып, кейінгілерге үйреткен көрінеді. Мәселен, 8 бен 7-нің көбейтіндісі 56-ға тең. Осыны он саусақтың көмегімен былайша үйреткен. Бірінші көбейткіш 8-ді оң қолдың саусағына 6-дан бастап салып, бүгеді. 6,7,8. Осылай үш саусақ бүгіледі. Енді сол қолға екінші көбейткіш 7-ні алдыңғы тәртіппен бүгеді. 6,7. Осылайша оң қолда 3 саусақ, сол қолда екі саусақ бүгілді. Енді осы бүгілген саусақтарды бір-біріне қосу керек. 3+2 =5. Ал бүгілмей қалған саусақтар бір-біріне көбейтіледі. 2х3=6. Нәтижесі 56. Басқа сандарды да тексеріп көруге болады. Ескеретін жәйт, бұл көбейту 6-дан жоғары сандарға қатысты. Ал 6-ға дейінгі саусақпен көбейтуді ақсақал есіне түсіре алмады.
Шіркейлілік қария Ұлы Отан соғысына барып, оралмаған Р.Әлқожаев жайында ерекше сырларды айтып, оның жазып қалдырған қолжазбаларын көрсетті.
Әлқожаев Рақыш 1913 жылы Қызылорда облысы Тереңөзек ауданы Талап колхозында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Ол «Қызылту» жеті жылдық мектебін бітіргеннен кейін Ташкенттегі педагогикалық училищеге оқуға түскен. Одан кейін Қызылорда педагогикалық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетін тәмамдап, білімін жетілдірген. Жоғары білікті маман кейіннен өзі білім алған жеті жылдық мектепке келіп, сабақ береді. Ұстаздық етіп, бала тәрбиелейді. Мектепте үйірме ұйымдастырып, оқушыларды әдебиетке баулиды.
Жас шағынан қилы кезеңдерді бас­тан өткерген Р.Әлқожаевтың өмірі отты жылдардағы сұм соғыспен де тұспа-тұс келген. Аталған мектепте сабақ беріп жүрген ұстаз 1939 жылы Финляндия ұрысына қатысады. Ал 1941 жылы «елге қайтамыз» деп тұрғанда екінші дүниежүзілік соғыс өрті тұтанып, Кавказ бағытындағы майдан шебінде жаумен шайқасады. 
Ұрыс даласында қатардағы жауынгер Рақыш қару-жарақ тасумен айналысқан. Бір сапарда қару тиелген эшелонға жау ұшақтары шабуыл жасап, түгелдей бомбалайды. Бұдан Рақыш пен бір орыс жігіті аман қалып, эшелонға жау шабуыл жасағандығын жеткізуге алдағы станцияға жеткен. Сол кезде бұл екеуін «Басқалар опат болғанда, сендер қалай тірі қалдыңдар? Сенден тыңшыларысыңдар» деген айыппен «ату» жазасына кесіледі. Алайда, екеуі тыңшы емес екендіктерін қайта-қайта айтып, Жоғарғы Қолбасшыға дейін өтініш жазып, ақтауды сұрайды. Жоғарғы Қолбасшының шешімімен «ату» жазасы өзгертіліп, 20 жылға бас бостандығынан айырылады. Норильск абақтысында қазақстандық сарбаз ауруға ұшырайды. Бұл жерде адам көп болған. Олардың көбісі ауруға шалдығып, жан тәсілім еткен. 
– Рақыш әкей ауырғанда бас дәрігер тексеріп, бар жағдайды сұрап, кетіп қалады. Біршама уақыттан кейін бас дәрігер әкемізді шақыртып, бастан өткен жағдайын қайта сұрайды. Содан ол кісі өзінің қызылордалық екенін, жазықсыз абақтыға түскенін жеткізеді. Бас дәрігер барлығын тыңдағаннан соң өзі әзірбайжан екенін, әкемізге жаны ашып, көмектескісі келетінін айтады. Сөйтеді де бас дәрігер әкемізді жаман аурумен ауыратын жандардың қатарында екенін, аз өмірі қалғанын, басқаларға жұқтыратынын айтып, сол сылтаумен елге қайтарады, - деді Біләл Мақашұлы.
Әзірбайжандықтың көмегімен Р.Әлқо­жаев 1943 жылдың қараша айында елге кел­ген. Шаршап-шалдығып, ауырып келген майдангерді ауылдағы Ыдырыс деген кісі ем­дейді, ауруынан айықтырады. Содан 1944 жылдың наурыз айына дейін осы өлкедегі «Қызыл жалау» колхозында болады. Наурыз айында әскери есепке тұру үшін әскери комиссариатқа барған сәтінде әскер қатарына алынған. Отан үшін майданға қайта қосылып, «Кавказ бағытында ұрысқа аттанғалы отырмыз» деген соңғы хат келгеннен кейін Рақыш Әлқожаев хабарсыз кеткен.
«Сахараның Сағирасы»
Жоғарыда шіркейлілік ақсақал Рақыш Әлқожаевтан қалған қолжазбаларды көрсетті деген болатынбыз. Енді соған тоқталсақ.
Майдангер Р.Әлқожаев мектепке дейінгі ұстаздық қызметінде өзі ұйымдастырған үйірмеде балаларды әдебиетке баулыған. Бұдан бөлек, ол өзі ақындығымен, жазушылық қабілетімен дараланыпты. Мектепте жүрген кезінде түрлі тақырыптарда өлеңдер шығарып, қолжазба ретінде қалдырған.
Осы тұста, ерекше атап өтерлігі, қолжазбалардың барлығы латын тілінде жазылған. Қазақ тілінің жазу тарихында әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді қамтыды. Соның ішінде, араб жазуынан кейін 1929-1940 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпби жүйесі қолданысқа енгізілді. Сол тұста, мұғалім Рақыш оқушыларға латын тілінде сабақ үйреткен, латынша шығармалар жазған. Оның ішінде, хаттар, өлең-жырлар жазылған 60 парақтық қолжазба қазір қарияның қолында сақтаулы. Қолжазбалардың ішінде соғысқа аттанып бара жатқанда жазылған «Мұқалма, шеше, мұқалма», «Рақыштың Мақашқа хаты» өлеңдері бар. Бұл өлеңдер «Асқақ рухты жасампаз жырлар», «Майданнан хат» кітаптарына енгізілген. 
Сондай-ақ, ақсақалда ең құнды қолжазба Р.Әлқожаевтың «Сахараның Сағирасы» деген драмалық пьесасының латын қар­піндегі түпнұсқасы да бар. 60 парақтың қолжазбалардың уақыты белгісіз болса, драмалық пьесаның жазылған уақыты 1938 жыл. Бұларды Біләл қария 2004 жылы Тұрар деген кісіге латын тілінен кириллицаға аудартып, жаздырған. 
Драмалық пьеса алғашында қара қарындашпен басталып, кейіннен қаламмен жазылған. Мұндағы оқиға желісі Сазкөл жерінде өрбиді. Негізгі идеясында тап жігі, әйелдердің теңдігі, екі жас арасындағы махаббат қозғалады. Осы тұста, драмалық шығарманың қысқаша мазмұнына тоқталып өтсек.
«Марттың маздаған аяғы. Қара сиқыр мен Сазкөл жерінің жайпақ даласын жайлау етіп жаппас ауылы тұратын...» деп басталатын пьесада ерінбей еңбек етіп, ұсталықты кәсіп еткен Ерінбес жайында айтылады. Бір ат, бір сиырды талғажау ететін кедей шаруа жан дегенде Жәнібек дейтін жалғыз ұлын жұбаныш ететіндігі суреттеледі. Мұнан соң Жәнібектің зеректігі, сөзге шешендігі, ақындығы, өнерлілігі бейнеленген. Жәнібек сұлулығына ақылы сай Сағира туралы көптен естіген. 15 жастағы Сағира да ел мақтаған жігітті біледі. Сағира – жігіттердің арманы болған айдай сұлудың өзі. Оның әкесі Мұқыш – Күркілдек байдың жалшысы. Ауқатты бай қызын қалыңдық етіп алу мақсатында Мұқышты өзіне жақын ұстайды. Ал бойжеткен қыз 57-дегі байдың босағасын аттағысы келмейді. 
Бір уақытта Күркілдек байдың інісі Кәурікбай ауылында мереке болып, осы жерде қос ғашық танысады, табысады. Жас­тар арасындағы ойын-сауықта екеуі жарасады. Алайда, сауық кешінің аяғы жанжал болып, Жәнібек Сағираға хат жазып, ауылына кетіп қалады. Хатта Жәнібек шынайы сезімін білдіріп, бірге болу жөнінде ұсыныс білдіреді. Ал Сағира байдың қаһарынан қорқып, Жәнібектің обалына қаларын сезіп, қоштасу хатын жазады. Пьеса Жәнібектің жауап хатты күтіп отырған жерінен аяқталады. 
Негізі, шығарманың шешімі аяқсыз қалған секілді. 1938 жылы жазылып бас­талып, кейіннен соғысқа кетіп қалған Р.Әлқожаев драмалық пьесаны бітіре алмаған болу керек. Әйтпесе, қай шығарма болмасын шарықтау шегіне жетіп, аяқсыз қалмауы мүмкін емес.
Ендігі жерде біз ақсақалдан шығар­мадағы қос ғашықтың прототиптерін сұрап көрдік. Қария пьесадағы Жәнібек Рақыштың өзі, ал Сағира ғашық болған Гауһар есімді қыз болуы мүмкін дейді. Өйткені, Р.Әлқожаев жеті жылдық мектепте сабақ беріп жүргенде сол білім ошағында Гауһар есімді қыз жұмыс жасаған. Соған ғашық болып, Гауһарға хат та жазған, өлең де арнаған. Мәселен, «Гауһар-ау! Мен өзің білетін қағынған қалаға қайтып келгеннен бері ұзақ ойлануда едім. Ауырлық жағы мен жеңілдік жағы теңбе-тең түсті» деп бас­талатын сағыныш хаттарының, ««Г»-мен кездескенде жазылды» деген «Алғашқы көрініс» өлеңі, «Өзіңе» және тағы басқа ғашықтық туындыларының түпнұсқалары әлі де сақтаулы. Сондықтан осы драмалық пьесадағы қос ғашықтың прототиптері Жәнібек пен Гауһар деп айтуға негіз бар.
1943 жылы Р.Әлқожаев елге келген уақытында екі кітапқа жүк болатын қолжазба жазған. Сол дүниелерді киізге орап «Қызыл жалауда» отырған жерге «Елге соғыстан аман келсем, өзім аламын» деп ешкімге көрсетпей көміп кеткен. Алайда, ол майдан даласынан оралмай, құнды дүниелер көмулі қалды. Ол кезде Біләл Мақашұлы алты жасар болған. Кейін сол жерге барып қолжазбаларды іздеп көрген. Бірақ таба алмапты.
Жалпы, ақсақал қолжазбаларды көр­сеткенде таң қалдық және қуандық. Оған себеп, қолжазбалар латын тілінде жазылыпты. Бұдан бұрын қазақ халқы латын әліпбиін қолданғандығын білеміз. Алайда, сол кезде жазылған құнды дүниелердің қолжазбасын қолға ұстағанда қуануымыз қалыпты еді. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарла­малық мақаласында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру керектігіне тоқталды. Көреген Көшбасшы бұл мәселені 2006 жылы қозғаған еді. Яғни, Мемлекет басшысы жарты ғасырдан астам уақыт кириллицаны қолданып келген халықтың заман талабына сай жаңғыруына латын тілінің маңызы зор екендігін ұғындырса керек. Бұл әліпбиді өткен ғасырдың алғашқы жартысында қазақ халқы қолданған. 11 жыл бойы осы әліпбиге тіліміз жаттықты. Ал енді араға ғасырға жуық уақыт салып, латын қарпіне қайта көшпекпіз. Демек, бұл әліпби бізге таңсық емес және заманның тілі болып тұр. Сондықтан мұны үйрену бізге жеңіл болмақ. Оған дәлел ретінде майданға кетіп, оралмай қалған Рақыш Әлқожаевтың қолжазбаларын көрсетуге болады.
Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ
26 желтоқсан 2017 ж. 1 303 4

Гость JeaOrer от 6 ақпан 2019 08:58
Cialis 5mg Online Without Prescriptions Diflucan buy generic cialis Posologia Propecia Legally Online Progesterone Visa Accepted Website C.O.D. Shipped Ups Discount Generic Provera With Free Shipping Real Buy Cheap Levitra online pharmacy Levitra 20 Mg Bayer

Гость JeaOrer от 11 ақпан 2019 07:57
Amoxicillin Adult Dose For Cat Bite Levitra En Ligne Canada cialis overnight shipping from usa Order Suhagra Online Online Pharmacy Usa Cilas Generic

Гость JeaOrer от 3 наурыз 2019 14:56
Side Effects Of Keflex Isotretinoin Drugs Prix Du Vrai Viagra cialis 5 mg best price usa Viagra Sante Canada

Stevnohope от 8 мамыр 2019 07:15
Baclofene Molecule Cialis Dose Quotidienne canadian cialis Propecia Perte Cheveux Levitra Tempi Di Azione